Сот Марғұлан Сейсембайды Мұхтар Тайжаннан жария түрде кешірім сұрауға міндеттеді

1154

Сот Марғұлан Сейсембайды Мұхтар Тайжаннан жария түрде кешірім сұрауға, сондай-ақ моральдық зиян келтіргені үшін 5 млн теңге төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Сот Марғұлан Сейсембайды Мұхтар Тайжаннан жария түрде кешірім сұрауға міндеттеді

Арадағы даудың туындауына танымал бизнесменнің фейсбук әлеуметтік желісіндегі жазбасы себеп болды. Онда ол 2016-2017 жылдары Мұхтар Тайжанға көмек ретінде 237 мың доллар бергенін айтты. Қаражат ұлының шетелдегі оқуына, жүріп-тұруына жұмсалған деп көрсетілген.

Өз кезегінде Мұхтар Тайжан ақша алғанын мойындады. Бірақ бұл консалтингтік қызмет үшін берілген ақы. Келісім ауызша болғандықтан Тайжан мырза ешқандай дәлел бере алмайтынын жеткізген. Сондай-ақ, жазбада "анасы мен қарындасын соттатқан" деген сөз болған. Алматы қаласы Бостандық ауданының судьясы Жамиля Арыстанова бұл мәліметтерді жоққа шығару туралы талапқа қатысты шешім шығарылғанын жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу