Мұхтар Жәкішевті шартты түрде босатуға қатысты өтініш қаралуда

1047

Сот шешімі бүгін жарияланады.

Мұхтар Жәкішевті шартты түрде босатуға қатысты өтініш қаралуда Фото: inform.kz

ШҚО №2 соты Семей қалалық соты сәрсенбіде "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішті қарастыруда, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

Сот отырысы сотталушының тікелей қатысуынсыз өтті, Жәкішев судьяның сұрақтарына бейнебайланыс арқылы жауап берді.

Жәкішевтің қорғаушысы сотталушының денсаулығы нашарлағанын, қан қысымы жоғары екендігін және оған үшінші топтағы мүгедектік берілгендігін алға тартты. Сонымен қатар, ол колонияда да материалдық шығынды төлеуін жалғастыруда екен. Мұның бәрі, қорғаушының пікірінше, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беруге негіз бола алады.

Ал мемлекеттік айыптаушы соттан оны шартты түрде босатпауды сұрады.

Қазіргі уақытта судья шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетті, сот шешімі 17: 00-де жарияланады.

Еске сала кетсек, 2010 жылғы наурызда Астана қаласының Сарыарқа аудандық №2 соты Жәкішевке 14 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім кесті. Сондай-ақ, мүлкін тәркілеуге шешім шығарды. Оны жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеп шыққан соң 7 жылға мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырды. Бұл жолы Мұхтар Жәкішев ҚР ҚК 176-бабы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету), 311 (пара алу) бойынша кінәлі деп танылды.

Кейін сот оны Қылмыстық кодекстің тағы бес бабы бойынша кінәлі деп тапты. Атап айтсақ, 177 (алаяқтық), 325 (жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу), 193 (қылмыстық жолмен алған ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру), 307 (қызметтік лауазымын асыра пайдалану).

Жәкішевтің істі болуы республикада, тіпті шетелде де айтарлықтай резонанс тудырды. Оның сотталғанына дейін, "Қазатомөнеркәсіп" үлгілі ұлттық компания ретінде көрінген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу