Сот Навальный үкіміне қарсы шағымды қабылдамады

402

Сот Навальныйға экстремизм ісі бойынша 19 жылдық үкімді заңды деп тапты. 

Сот Навальный үкіміне қарсы шағымды қабылдамады Фото: РИА Новости

Бірінші жалпы юрисдикцияның апелляциялық соты экстремизм ісі бойынша 19 жылдық арнайы режимдегі колонияны көздейтін Алексей Навальныйдың үкіміне қатысты шағымды қабылдамады, деп хабарлайды Inbusiness.kz РИА Новости тілшісіне сілтеме жасап.

Сонымен бірге сот үкімнің мәтініне жазаның мерзімі мен шарасына әсер етпейтін бірқатар техникалық өзгерістер енгізілді.

"... қалған бөлігінде Мәскеу қалалық сотының үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағым қанағаттандырылмады", - деп сот алқасы шешімін жариялады.

Осылайша үкім заңды күшіне енді. Енді Навальный қатаң режимдегі колониядан ерекше режимдегі колонияға ауыстырылады, яғни туыстарымен кездесу саны азаяды, бандероль алу да қысқарады.

Навальный сот отырысына колониядан бейнебайланыс арқылы қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу