Сот "Олимп" букмекерлік кеңсесіне қатысты үкім шығарды

1048

Істі болғандарға 5-тен 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. 

Сот "Олимп" букмекерлік кеңсесіне қатысты үкім шығарды

Алматы қаласы Алмалы аудандық соты "Олимп" букмекерлік кеңсесінің жұмысшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды іnbusiness.kz.

Аталған іс бойынша сотталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы 2-бөлігі (ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу), 307-бабы 3-бөлігі 1,2- тармағы (заңсыз және ойын бизнес ұйымдастыру), 245-бабының 3-бөлігі (ұйымдарға салынатын салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтару), 218-бабы 3-бөлігінің 2,3-тармақтары (қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру бойынша сотқа берілген.

Жалпы айыпталғандар саны 20 адамнан асады. Оның ішінде 11 адам соталушы, 9 адамға қатысты іздеу жариляланған. 

"Сот анықтағандай, сотталушылар және іздеуде жүрген адамдар экономикалық қызмет саласында қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау үшін тұрақты ұйымдасқан топ құрып, оның қызметін басқарған. Топтың негізгі қылмыстық әрекеті букмекерлік кеңсемен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастыру арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған", – деп хабарлады Алмалы аудандық соты.

Сотталушылар қылмыстық топқа 2014  жылдың қаңтарынан бастап тартылды, содан кейін олардың әрқайсысы компания серверлерінің Қазақстаннан тыс жерлерге өзгерту, электрондық казиноны "Олимп" букмекерлік кеңсесі сайтымен біріктіру;алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру, оларды шетел валютасына айырбастау;Қазақстаннан тыс жерлерге экспорттау үшін курьерлерге аудару, сондай-ақ оларды заңдастыру сияқты өзіне тапсырылған қызметтерді атқарған.
Сотталушылардың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 95 млрд теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Сол үшін олардың қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, мемлекет пайдасына 95 млрд теңге көлемінде материалдық шығын өндірілді. 

"Сотталушылар қылмыстық топтың бар екендігі туралы білмейтіндігін айтып, кінәсін жоққа шығарды. Сот олардың кінәсі іс материалдарымен, соның ішінде жасырын тергеу әрекеттерімен дәлелденді деген қорытындыға келді", – деп жазылған хабарламада. 

Прокурор айыптауды қолдап, барлығын бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайлардың болуын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, олардың қылмыстық топка қатысу дәрежесін ескере отырып, оларға 5-тен 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталғандар бұл жазаны қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейді.


Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу