Сот Садыр Жапаровты ақтап шықты

498

Оған 2012 жылы билікті басып алмақшы болды деген айып тағылған еді. 

Сот Садыр Жапаровты ақтап шықты

Қырғызстан президентінің міндетін уақытша атқарып жүрген премьер-министр Садыр Жапаровты сот кінәсіз деп таныды. Бұл туралы елдегі Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлім етті.

Үкімет басшысына 2012 жылы билікті басып алмақшы болды деген айып тағылған еді. 

"Садыр Жапаровпен қатар Талант Мамытов (парламент депутаты) пен Камчыбек Ташиев (Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Мемлекеттік комитеттің басшысы) билікті басып алу ісі бойынша ақталды", – деп жазылған ресми мәлімдемеде. 

Еске сала кетсек, 2012 жылы Бішкек қаласының орталығында митингке қатысушылар "Кумтор" деп аталатын алтын кенорны кәсіпорнын ұлт меншігіне айналдыруды талап еткен еді. Олар, тіпті, парламент ғимаратына баса-көктеп кірмекші болды. Ереуілшілер мен құқық қорғаушылар арасындағы қақтығыстан кейін митингті ұйымдастырушылардың бірі Жапаров қамауға алынып, оған билікті басып алмақшы болды деген айып тағылған еді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу