Сот сарапшылары сертификатталады

683

Сот сарапшыларын аттестаттау сертификаттау рәсіміне ауыстырылады. 

Сот сарапшылары сертификатталады

Сертификаттау сот сарапшыларының кәсіби, оның ішінде халықаралық стандарттарға сәйкестігін тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Бұл туралы мәжіліс депутаты Снежанна Имашева мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Сот-сараптама қызметін стандарттау рәсімін енгізу сот сарапшысына зерттеу барысында валидациядан өткен ғылыми негізделген әдістемелермен қатар, ұлттық стандарттарды да қолдануға мүмкіндік береді. Стандарттарды қолдану өз кезегінде сот сараптамасын жүргізуді жүзеге асыру кезінде бірыңғай ғылыми-әдістемелік тәсіл қалыптастыру және жүргізілетін сараптамалық зерттеу қорытындысының объективтілігін, нәтижелігін және жарамдылығын арттыру үшін негіз болады", – деді мәжілісмен. 

Оның сөзінше, заң жобасын әзірлеушілер әділет министрлігінің және сот сарапшылары палатасының кейбір құзыреттерін нақтылады. Осылайша сот-сараптама қызметі нарығына бәсекелестік қалыптастыру мен мемлекеттік бақылау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндігі берілді. Бұл өз кезегінде сот-сараптама қызметінің реттелмеген нарығын құру мен осы қызметті бақылаусыз коммерцияландырудың алдын алады. 

"Заң жобасы процестік негіздерді жетілдіруге және сот сараптамасын тағайындау, ұйымдастыру және жүргізу мәселелеріндегі құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған бірқатар нормаларды қамтиды. Құжаттың өзектілігі күмән тудырмайды, өйткені ол бірінші кезекте дәлелдемелік базаны қамтамасыз ету мәселесін қозғайды", – деді Снежанна Имашева.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу