Сот Сәтпаев қаласының тұрғынын өмір бойына бас бостандығынан айырды

955

Сот Сәтпаев қаласының тұрғынын өмір бойына бас бостандығынан айырды

Қарағанды облысының ауданаралық маманданған қылмыстық соты Сәтпаев қаласының 50 жастағы тұрғынын қыз баланы зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.  
Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылдың шілдесінде  құқыққорғау органдарына 40 жастағы азамат 5 жасар қызының жоғалып кеткенін айтып арызданған. Полицейлер баланы жергілікті тұрғынның алдап, үйіне әкеткенін анықтаған.
Еске сала кетсек, күдікті қолға түскен соң, оны айдауыл соққыға жыққан. Облыстың ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сержантқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп, қызметтік билiк пен қызмет бабын асыра пайдалануға байланысты айыпталған болатын.

Сержант ішкі істер органынан қуылды, ал басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тергеу амалдарын жүргізіп жатқан тергеуші тергеуден шеттетілді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу