Сот "SCAT" әуекомпаниясының шағымын қанағаттандырмады

577

Сот "SCAT" әуекомпаниясының шағымын қанағаттандырмады. Әуекомпания Шымкент қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қаулысының күшін жоюды сұраған болатын, деп жазады inbusiness.kz Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне сілтеме жасап.

Сот "SCAT" әуекомпаниясының шағымын қанағаттандырмады

Шымкент қаласының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау аумақтық департаменті (Департамент) өкілінің хабарлауынша, 2021 жылы 9 қарашада "Нұр-Сұлтан – Алматы" бағыты бойынша рейс орындаған кезде И. есімді азаматшаның чемоданы бүлінген. Тексеру кезінде әуекомпанияның "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңның 42-4-бабының 5-тармағындағы талапты орындамағандығы анықталды.

Бұл жағдай бойынша 2022 жылдың шілде айында Шымкент қаласының Департаменті әуекомпанияға айыппұл түріндегі әкімшілік жаза шығарған.

"SCAT" әуекомпаниясы қаулымен келіспегендіктен, сотқа жүгінген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу