Сот шешімі: Болат Назарбаев спирт зауытына 448 млн теңге төлейді

774

Сот шешімімен құны 1,5 млрд теңге болатын несие шарты жарамсыз деп танылды.  

Сот шешімі: Болат Назарбаев спирт зауытына 448 млн теңге төлейді Фото: bizmedia.kz

2022 жылдың қыркүйегінде Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық соты "Ақтөбе өндірістік компаниясы" ЖШС банкротқа ұшыраған басқарушысының, яғни Қазақстанның экс-президентінің інісі Болат Назарбаевтың үстінен берген талап-арызы бойынша шешім шығарды, деп жазады inbusiness.kz Liter.kz-ке сілтеме жасап.

Компания 2022 жылы банкротқа ұшыраса да, ұзақ уақыт жұмысын тоқтатпаған.

Ал, 2007-2012 жылдар аралығында "Кеңестік алкоголь индустриясы" ЖШС (СовАлкоПром) деген атаумен этил спиртін шығарған. 2012 жылы компания иелерін толығымен ауыстырды. Кенет құрылтайшылар қатарына Болат Назарбаев пен Тахир Гусейнов кіріп, компания атауы "BN Aktobe" ЖШС болып өзгертілген. Кәсіпорынның атауы енді алкогольге қатысты болмаса да ЖШС этил спиртін өндіруді жалғастырып отырған.

2018 жылы компанияның атауы "Ақтөбе өндірістік компаниясы" ЖШС болып қайта тіркеліпті. Яғни, одан Болат Назарбаевтың қысқартылған аты-жөні алынып тасталды. Бірақ ол да, серіктесі Тахир Гусейнов те әлі күнге дейін оның иелері болып қала берді.

Ал 2022 жылы банкроттық жөніндегі менеджердің Болат Назарбаевқа қарсы шағымы бойынша сот процесі басталған.

Сот отырысында анықталғандай, 2013 жылы зауыттың қожайыны атанған Болат Назарбаев 1,5 млрд теңгеге несие шартын жасасқан. Оның айтуынша, Назарбаев бұл ақшаны 10 жыл ішінде, пайызсыз несие шартымен компанияға біртіндеп құйып жатыр.

2020 жылдың 2 сәуіріндегі жағдай бойынша компанияның Болат Назарбаев алдындағы қарызы 1,2 млрд теңге болды. Оны өтеу үшін ЖШС барлық мүлкін аукцион арқылы сатуға тырысады, бірақ олар сәтсіздікке ұшырайды. Болат Назарбаев болса, компанияның барлық активін 751 миллион теңгеге сатып алады. Назарбаевтың ақшасын төлеп, 2021 жылы компания банкротқа ұшырап, банкроттыққа шағымданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу