Сот шешімімен Kcell 672 миллион теңге айыппұл төлейтін болды

701

Сот шешімімен Kcell 672 миллион теңге айыппұл төлейтін болды

Kcell авторлық құқықты бұзғаны үшін 672 млн теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Atameken TV.

Kcell байланыс операторының үстінен DL Construction және "КОУПИС"  компаниялары сотқа шағымданған. Олардың айтуынша, 2016 жылы Muzlife телеарнасында көрсетілген бейнеклипке авторлық белгілер қойылмаған. Ал Muzlife болса, Kcell –дің серіктесі - Mobi TV пакеттерінің біріне кіретін телеарна.

Кселл тарапы сот шешімімен келіспейтінін айтады. Себебі, соттың бірінші инстанциясында бірден шешім шығарылғаны күмән тудырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу