Сот шешімін елемеген шетелдіктер Қазақстаннан шығарылды

567

Бұл процедура Өзбекстан мен Тәжікстанның консулдық қызметтерінің көмегімен жүзеге асырылды.  

Сот шешімін елемеген шетелдіктер Қазақстаннан шығарылды Фото: polisia.kz

ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен елден кетуге мәжбүр болған, бірақ бұл талаптарды орындамаған көршілес елдердің азаматтары республика аумағынан шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұл процедура Өзбекстан мен Тәжікстанның консулдық қызметтерінің көмегімен жүзеге асырылды. Біз 19 құқық бұзушыны мемлекеттік шекараға жеткізуді ұйымдастырдық. Осы мақсаттар үшін көп орындықты автобус қарастырылған. Бұл бірінші тәжірибе емес", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.

Айта кету керек, Алматы полициясы заңсыз көші-қон арналарын, шетелдіктерді жұмысқа заңсыз тарту деректерін анықтау мақсатында “Келімсек”, “Заңсыз” және “Құқықтық тәртіп” іс-шараларын тұрақты түрде жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу