Сот шешімін орындамаған Өскемен әкімі Жақсылық Омар айыппұл төледі

1337

ШҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2022 жылғы 18 сәуірде ұйғарым шығарып, Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардан және қалалық "ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен" медиативтік келісімді орындамағаны үшін 50 АЕК (159 000 теңге) көлемінде қаражат өндіріп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі жергілікті flashpress.kz басылымына сілтеме беріп.

Сот шешімін орындамаған Өскемен әкімі Жақсылық Омар айыппұл төледі

Айта кету керек, Өскемендегі Аблакетка кентінің тұрғындары қоғамдық көліктің нашар қатынайтынына сотқа шағымданған. 1 ақпанда Аблакетка кенті тұрғындарының бастамашыл тобының жетекшісі Вера Томская және облыс орталығының әкімі, сондай – ақ ТҮКШ бөлімінің арасында қоғамдық көліктің жұмысына қатысты медиативтік келісім жасалды. 

Қалалық ТҮКШ бөлімі Аблакетка бағытында маршруттарға қызмет көрсету құқығына тендер жариялау міндеттемесін алған. Кем дегенде үш маршрут шығаруы керек еді. Тендер өткізіліп, жеңімпаз анықталғаннан кейін шартқа бірқатар міндетті шарттар енгізілетін болады. Атап айтқанда, жолда қыста кемінде 21 автобустың болуы, жазда – саяжай маршруттары ұзақтығының ұлғаюын ескере отырып көбірек автобус шығару; қозғалыстың басталуы сағат 5-50-де, аяқталуы 22-00-де болуы керек еді. Ал қозғалыс аралығы жұмыс күндері 5-7 минут, демалыс күндері – 10 минут болмақ. GPS пен валидаторлар тұрақты жұмыс істеуге тиіс. Сондай-ақ, 1 сәуірге дейін ТҮКШ бөлімі осы бағыттағы барлық аялдамаларды маршруттар мен қозғалыс кестесі көрсетілген тақтайшалармен жабдықтауға міндеттенді.

Сот шешіміне тең осы келісім 16 ақпанда заңды күшіне енді, орындау мерзімі 16 наурызға дейін болған. Алайда, осы күнге дейін келісім орындалмады. 

Фото: taldykorgan-online.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу