Сот талабына бағынбаған Күлекбаев сот залынан қуылды

1094

Сот талабына бағынбаған Күлекбаев сот залынан қуылды

Алматыда атыс ұйымдастырған Руслан Күлекбаев басты сот отырысында сот тәртібіне бағынбай, ақыры сот залынан қуылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".  

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов осыған дейінгі сот отырыстарында сот өкілдеріне құрмет ретінде орнынан тұрмаған Күлекбаевқа тағы да ескерту жасады. 

"Кеше сіз ауырып отырмын деген соң, отырып жауап беруге келістік. Бірақ, бүгін сот тәртібі бойынша тұр дегенде тұрасыз, сол үшін алдыңғы орындыққа отырыңыз", - деді Ерлан Болатов. 

Бұған Күлекбаев естімеген кейіп танытып тор ішіндегі екінші орындыққа барып отырды. Алдына отырыңыз деген судья сөзіне: "Не болды?" деп жауап берді. 

Осыдан кейін судья Ерлан Болатов Күлекбаевты залдан алып кетуді бұйырып, адвокаттарына ескерту жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу