Сот талқылауларын кейінге қалдыру жөніндегі Статидің арызы қабылданбады

804

Сот талқылауларын кейінге қалдыру жөніндегі Статидің арызы қабылданбады

Англияның Жоғары сотының судьясы 2018 жылғы қазан айына белгіленген сот талқылауын кейінге қалдыру жөніндегі Анатол және Габриэль Статидің талабы қабылдамай тастады, деп хабарлайды әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Өткен айда екі молдавандық кәсіпкер өздері Англияда бастама жасаған талап-арызды іс бойынша судья Ноулз мырза сан миллиондаған алаяқтық жөнінде дәлелдердің бар екендігі туралы қорытындыға келгеннен кейін кері қайтара алмады.
Істің одан әрі аспектілерін қарастыруға арналған тыңдауға бір күн қалғанда молдовандық кәсіпкердің адвокаты King and Spalding Статидің мүдделерін білдіруді тоқтататындығын хабарлады, өз кезегінде, кәсіпкерлердің айтуынша, сот кейінге қалдырылуы керек, мәселен енді олар мүдделерін өздері білдіретін болады.
Қазақстанның адвокаты Али Малек QC мырза бұл Англиядағы сот талқылауын кейінге қалдыруға және басқа елдердегі орындау өндірістерін жалғастыруға бағытталған "айла" және "теріс пайдалану" деп айтты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бұл ұзаққа созылған сот талқылауларын Анатол және Габриэль Стати 2010 жылы бастады. Олар Швециядағы төрелік іс арқылы Қазақстаннан 4 миллиард АҚШ долларын талап етті, алайда оларға 500 миллион АҚШ доллары ұйғарылды.
Кейін, АҚШ-та бөлек сот процедурасы арқылы алынған құжаттар арқылы Қазақстан Статидің талаптары ірі алаяқтыққа негізделгендігі жөнінде дәлелдер алды. Швеция төрелік шешімнің күшін жоймай немесе алаяқтық туралы айып бойынша шешім шығармаса да, ағылшын соты Қазақстан ұсынған дәлелдерді қарастырып, өткен жылдың маусым айында төрелік шешім алаяқтық жолымен алынғандығы туралы жеткілікті түрде бастапқы дәлелдер бар деген қорытындыға келіп, сәйкесінше ағымдағы жылғы қазан айына алаяқтықтың мәні бойынша тыңдау өткізуді белгіледі. Осыдан кейін Стати жеті елде мәжбүрлі түрде орындау бойынша теңдесі жоқ кампания бастап, мемлекетке емес, Қазақстанның Ұлттық банкіне және Ұлттық қорға тиесілі 22 миллиард АҚШ долларынан астам сома көлеміндегі активтерге алдын ала тыйым салды, бұл сома олардың талаптарынан анағұрлым асып түседі. Англиядағы алаяқтық фактісін қарастыру жөніндегі сот процесінде Стати қүжаттарды ашудың орнына лондондық талқылаудан құтылуға тырысты. Алайда 2018 жылғы 11 мамырда олардың талап-арызды қайтарып алу жөніндегі өтініші қабылданбай тасталды. Осыдан кейін сот процесіне одан әрі дайындалудың орнына Стати ағылшын сотына ең соңғы минутта King and Spalding  олардың мүдделерін білдірмейтіндігін айтты. Осыған қарамастан, King and Spalding заңгерлері Статидің мүдделерін білдіруді жоспарлап сотқа келді, алайда бұл талап қабылданбай тасталды.
Жақында өткен лондондық тыңдауда судья Ноулз Қазақстан Статидің адвокаттарының өкілеттіктеріне күмән білдіргеннен кейін молдовандық кәсіпкерлердің бұрынғы адвокаттарының сөзін тыңдаудан бас тартты. Статидің өзі сот залына келген емес.
Судья Ноулз сот талқылауларының қазанда жалғастырылуын және Қазақстанға шығындарды өтеуді ұйғарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу