Сот төрелігіне қол жеткізу мәселесі өзекті болып отыр - Конституциялық Сот

396

Бекітілген тетіктер осы конституциялық құқықты әрдайым толыққанды іске асыруға мүмкіндік бермейді. 

Сот төрелігіне қол жеткізу мәселесі өзекті болып отыр - Конституциялық Сот Фото: Егемен Қазақстан

Бұл туралы ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Сот төрелігіне қол жеткізу мәселесі өзекті болып қала береді. Құқық қолдану практикасы көрсетіп отырғандай, бекітілген тетіктер осы конституциялық құқықты әрдайым толыққанды іске асыруға мүмкіндік бермейді. Атап айтқанда, Конституциялық Сот азамат сотқа жүгінген кезде мемлекеттік баж мөлшері ақылға қонымды, негізделген және мөлшерлес болуға тиіс екенін атап өтті. Қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша жауаптылыққа тарту туралы конклюденттік нысандағы шешім азаматты жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қарау құқығынан айырмауға тиіс", - деді ол Парламент Палаталарының бірлескен отырысында.

Спикердің айтуынша, оңайлатылған тәртіппен бала асырап алу туралы сотқа арыз бергенде молекулярлық-генетикалық сараптама қорытындысының болу міндеті туралы қосымша императивтік талап конституциялық емес деп танылды. Соттар үшін мұндай қорытындының болмауы азаматтың арызын қараусыз қалдыруға негіз болды, деп жалғастырды Эльвира Азимова.

"Рәсім мемлекеттік органдар мен соттардың бала мүдделерін барынша қамтамасыз ету міндетіне сәйкес келмейді. Бұл – Қазақстан ратификациялаған БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенциясының талабы", - деп атап өтті Конституциялық Сот Төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу