Сот төрелігіне үміткерлер таңдау тәртібі өзгереді

783

Сот төрелігіне үміткерлер таңдау тәртібі өзгереді

Биыл ереуілге шыққан 12 адамның ісі ақталып, тағы 200-нің жазасы жеңілдетілген. Бүгін Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың басқаруымен сот жүйесінің ең өзекті проблемасы қозғалған жиында осындай есеп берілді, деп хабарлайды Atameken TV.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, былтыр бұл көрсеткіш 3 есеге көп болыпты.

Ереуілге көбіне азаматтық құқығы тапталып, тергеушілерден қорлық көріп немесе жұмыс берушіден жалақысын ала алмай зар болғандар шығады. Қазір осыған қатысты істі қарайтын судьларға талапты өзгерту ұсынылып жатыр. Сондай-ақ, жиында судьялардың жүктемесі тым көп екендігі де айтылды. Мәселен,  5 жыл бұрын 1,4 миллион іс қаралса, қазір ол екі есеге өсіп, 2,7 миллионға жеткен.

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов жуық арада сот төрелігіне үміткерлер таңдау тәртібі өзгеретінін айтты. Қазіргі кезде судьялық қызметке тек мемлекеттік қызметкерлер ғана өтіп жүр. Аталған ұсынысты судьялардың кеңейтілген отырысы кезінде Kazakhstan Bar Association коммерциялық заңгерлер коллегиясының басқарушы кеңесінің төрағасы Айгүл Кенжебаева білдірді. Оның айтуынша, заңгерлер арасында судья болуға лайықты мамандар көп. Алайда олар әділ сот академиясына түсе алмайды екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу