Ұзаққа созылған істің қорытындысы бойынша 2 сарбаз 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар қылмыстық кодекстің 2 бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Ал, қалған азаматтардың кінәларі дәлелденбей, қылмыстық жауапкершіліктен құтылды. Айтып өту керек, бұл іс бойынша басында 6 адам айыпты деп танылып, тергеу басталған. 800 томнан тұратын істі қарау кезінде 300-дей куәгер мен жәбірленушіден жауап алынған. Барлығын тыңдаған судья 20 жастағы 2 сарбазды айыпты деп тапты.
"Сіз барлығын мойындадыңыз. Кейін эксперимент жүрген кезде бас тарттыңыз. Куәләр айтты, эксперимент жасадық. Сарапшылар бар. Сол бойынша кінәлі деп танып 9 жыл тағайындадым", – деді Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы Бүрлібай Қайыров.
Бірақ, бұл үкіммен сарбаздардың өздері де, туыстары да келіскен жоқ. Жақындары сот залында көз жастарына ерік берсе, сотталушы жігіттер "әділдік жоқ" деп айқай шығарды. Ал, олардың қорғаушысы болса, тергеу әділ өтпей, бәрі бұрмаланды, деп отыр.