Сот жүйесі бюджетінің жаңа моделі Есеп комитетінің бақылауында болады

942

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нәзилә Раззақ әріптестеріне "ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сот жүйесі бюджетінің жаңа моделі Есеп комитетінің бақылауында болады

Депутат заңнамалық өзгеріс судьялардың кәсібилігін, сондай-ақ жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыруды көздейтінін мәлімдеді. 

"Соттардың қаржылық дербестігі – сот билігі тәуелсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан халықаралық тәжірибе бойынша сот жүйесі бюджетінің мөлшерін пайызбен белгілеу ұсынылды", – деді Нәзилә Раззақ. 

Оның сөзінше, сот жүйесі бюджетін қалыптастырудың жаңа моделіне де  бұған дейінгідей Есеп комитетінің бақылауы сақталады. 

"Сот жүйесіне жұмсалатын шығыстар "001" бюджеттік бағдарламасы бойынша барлық мемлекеттік орган шығысының кемінде 6,5%-ын құрайды. Қаржыландыру деңгейі мен бағытын Жоғарғы соттың кеңейтілген кеңесінің жалпы отырысы бөледі. Оған аудандық, облыстық және Жоғарғы соттың судьялары кіреді. Есеп комитетінің бақылауы сақталады", – деді депутат. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу