Сотқа электронды түрде жүгінуге мүмкіндік туды

955

Сотқа электронды түрде жүгінуге мүмкіндік туды

Сотқа қағаз тасып, ұзын сонар кезек күтпей, арыз-шағымды үйде отырып жазып, электронды түрде жүгінуге мүмкіндік туды. Яғни электрондық сот бұйрығы енгізілді. Бұл туралы бүгін сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған республика судьяларының кеңейтілген отырысында белгілі болды, деп хабарлайды khabar.kz.

Әзірге пилоттық жоба ретінде Астана қалалық Сарыарқа аудандық сотында жүзеге аса бастады. Барлығы арнайы құрылған сервистік жүйе арқылы іске асады. Сотқа дейінгі тергеу амалдарына байланысты берілетін санкция да электронды түрде беріледі. Тіпті сот отырысының өзі осындай нұсқаға көшуі мүмкін. Қазір қазылардың мәжіліс залдары техникалық тұрғыда жарақтандырылып жатыр. Жоба осы жылдың соңына дейін толық енгізілетін болады.
Ал биылғы жарты жылдықта республикалық соттарға шамамен 210 мыңдай азаматтық іс келіп түскен. Оның 17 мыңнан астамы тараптардың өзара татуласуымен аяқталған. Жалпы осы істердің 62,5%-ы жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде қаралған. Ақтау үкімдерінің саны 11,7%-ға көбейіп, алқа билерінің қатысуымен қаралған істер 32-ге артты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу