Сотқа кіре алмаған Салтанат Нүкенованың туыстары шу шығарды

1844

Оқиғаға қатысты тың деректер шықты. 

Сотқа кіре алмаған Салтанат Нүкенованың туыстары шу шығарды Фото: видео скриншот

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Судья Айжан Құлбаева марқұм Салтанат Нүкенованың ағасына жүгінді.

"Жәбірленушінің туыстары шу шығарып жатыр. Бұл залдан бөлек отырыстың аудиобейнежазбасын көруге болатын 2 зал бар. Онда үлкен экран тұр. Өтініш өз туыстарыңызды сабырға шақырыңызшы. Келістік пе? Олар шулап жатқандықтан, (процесті) әрі қарай жалғастыру мүмкін болмай отыр", - деді судья.

Атышулы қылмыстық іс бойынша прокурор бірқатар мәлімдеме жасады. Прокурор Бишімбаевтың өз құрбанын қызғанғанын, оған жүйелі түрде физикалық зорлық-зомбылық жасағанын, 2023 жылғы наурыз айының ортасында Астанада Бишімбаевтың Нүкенованы ұрғанын айтты. 

- Салтанат Нүкенова ағасына шағымданғанымен, Бишімбаевпен ажырасудан бас тартты;
- Былтыр жазда Қуандық Бишімбаев Нүкеноваға Алматыға қоныс аударуды ұсынған. Салтанат Нүкенова зорлық-зомбылық тоқтайды деген үмітпен келіскен. 

Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, қылмыс болған күні Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова концертте болған. Сол жерде араларында ұрыс-керіс басталған. Кейін екеуі мейрамхана бірге барып, жанжал жалғасқан. Нүкенова Бишімбаевтан кеткісі келетінін мәлімдеп, бұл туралы ағасына хабарлаған. Мас болған Бишімбаев Нукенованың басына қатты соққы жасаған. Кейін оны аяғымен тепкілей бастаған. Салтанат бөлмелердің бірінде тығылуға әрекеттенгенімен, Бишімбаев есікті ашып, оны қайтадан соққыға жығады.

Прокурордың Нүкенова бірнеше рет өз-өзіне келгенімен, бұрынғы шенеунік ұрып-соғуды жалғастырғанын атап өтті.

Айта кету керек, осыған дейін  Бишімбаев пен Нүкенова заңды некеде болмағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу