Сотта ашуланған Байжанов Бишімбаевты "ол кісі өлтіруші" деп атады

911

Сот отырысында Бақытжан Байжанов өзіне тағылған айыптармен келіcпейтінін айтты. 

Сотта ашуланған Байжанов Бишімбаевты "ол кісі өлтіруші" деп атады Фото: Жоғарғы сот

Айыпталушы Байжанов Нүкенова қаза тапқан күнгі Бишімбаев пен қазіргі Бишімбаевты салыстыру қиын екенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ол адам өлтірді. Ол кезде Бишімбаев "Бақытжан, мен адам өлтірдім, балаларымның, әке-шешемнің бетіне қалай қараймын. Қолыммен істегенді мойныммен көтерем, мен өлем" жеп жылаған. Қазір мүлде басқа адам болып отыр. Ол кезде мұндай сөздерді көп айтқан", - деді Байжанов.

Судья Байжановқа "ҚК-нің 432-бабы, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу және ҚК-нің 434-бабы, белгілі аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау фактісі бойынша тағылған айыпты мойындайсыз ба?" деп сұрақ қойды.

Айыпталушы бұл айыптарды мойындамайтынын айтты. Жоғарғы соттың тікелей эфирінде сот отырысы жалғасып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу