Бишімбаев прокурорға телефонының құпиясөзін айтпай қойды

235

Судья Бишімбаевқа құпия сөзді жазып, конвертке салып беруді ұсынды.

Бишімбаев прокурорға телефонының құпиясөзін айтпай қойды Фото: Жоғарғы сот

Экс-министр Қуандық Бишімбаев өз ұялы телефонының кодын судьяға беруден бас тартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айыпталушы Бишімбаев құпия сөзді тек өзінің қорғаушысына айтатынын жеткізді.

Судья Бишімбаевқа құпия сөзді жазып, конвертке салып беруді ұсынды.

"Қорғаушылар, конвертке құпия сөзді жазыңыз да судьяға беріңіз. Іс басқа инстанцияларға кететін болса, телефонды зерттеу керек болады. Егер құпия сөзбі бермесеңіздер, оны осы жерде ғана тексеріп, басқа инстанцияларда тексере алмаса, оның пайдасы жоқ. Ұялы телефонды осында әкеліңіз. Құпия сөзін айтыңыз", - деді судья.

Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжанов судьяға "қазір телефондағы көргіңіз келген дүниені көре аласыз, бірақ құпия сөзді білмейсіз" деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу