Сотта қаралған істердің жартысынан көбі бизнестің пайдасына шешілуде – Мемлекет басшысы

84

Президент бизнестің мүддесін қорғауға ерекше тоқталды.  

Сотта қаралған істердің жартысынан көбі бизнестің пайдасына шешілуде – Мемлекет басшысы Фото: akorda.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес қауымдастығы өкілдерімен өткен кездесуде айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бизнестің мүддесі мен құқығын қорғау мәселесі – біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет. Соңғы жылдары құқық және сот жүйесін жаңғырту үшін ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Әкімшілік әділет институты пайда болды. Бұл бастамалар қазірдің өзінде жақсы нәтиже бере бастады. Сотта қаралған істердің жартысынан көбі азаматтар мен бизнестің пайдасына шешілуде.

Бизнесті негізсіз тексерулер мен заңсыз қылмыстық қудалаудың алдын алу бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Экономикалық қылмыстарды декриминализациялау жүргізілді.

Мұның бәрі "Заң мен тәртіп" қағидатының орныға түсуіне ықпал етеді. Бас Прокуратураның Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитеті жыл соңына дейін Инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі комитет болып өзгереді. Ірі инвесторларға арналған "Жасыл дәліз" жүйесі іске қосылды. Енді оларға рұқсатнама құжаттары тез берілетін болды", – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу