Бүгін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы барысында жәбірленуші тараптың адвокаты Салтанат Нүкенованың мәйітіне сот-медициналық сараптама қорытындысын оқыды. Оған 10 минуттан астам уақыт кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған Бишімбаевтың адвокаттары қарсы болды. Судья Айжан Күлбаева олардың өтінішін қанағаттандырмай, зардап шегуші тарап, яғни, Нүкенованың ағасының адвокаты Жанна Оразбаховаға сараптаманы оқуға рұқсат берді
Сарапшының қорытындысы бойынша Салтанат Нұркенова бас миының жарақатынан қайтыс болды.
"Сот-медициналық сараптама кезінде Салтанат Нүкенованың денесінен бас сүйек-ми жарақаты, бетінде көптеген жара мен қан анықталды, мұрны сынған, мұрнының айналасындағы терісіне қан құйылған, бас терісіне қан құйылып, субдуральды гематома (мидың ұзақ материялық қабатының астынан қан кету) анықталған", - деді сараптаманы оқыған адвокат Жанна Оразбахова.