Сотта Перизат Қайрат пен анасынан қанша қаржы өндірілетіні айтылды

Олардың әрқайсысынан мемлекет кірісіне баж тәртібімен 22 миллион теңгеден аса қаржы өндіріп алу белгіленген. 

Сотта Перизат Қайрат пен анасынан қанша қаржы өндірілетіні айтылды Фото: almaty.tv

Онымен қоса 50 жәбірленушіге де материалдық шығынды өтейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бүгін Астана соты "BizBirgemiz Qazaqstan 2030" қайырымдылық қорының бұрынғы жетекшісі мен оның анасына үкім шығарған еді. 

– Жәбірленушілер мен өкілдеріне келтірілген материалдық шығынды өндіріп алу туралы азаматтық талаптар толық көлемде қанағаттандырылсын. Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаевадан 50 жәбірленушінің пайдасына 1 миллиард 582 миллион 649 мың 591 теңге көлемінде материалдық шығынды бірлесіп өндіру белгіленсін, – деп мәлімдеді судья Сабыржан Кәрімов.

Сондай-ақ, ол әрбір жәбірленушіге қатысты материалдық шығын мөлшерін де айтты. 

– Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаевадан мемлекет кірісіне баж тәртібімен, әрқайсысынан 22 миллион 583 мың 934 теңгеден өндіріп алу белгіленсін. Қылмыстық-процестік кодексінің 172-бабына сәйкес, азаматтық талаптарға қатысты үкім бөлігін ерікті түрде орындау үшін Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға үкім заңды күшіне енген күннен бастап 1 ай мерзім белгіленсін. Аталған мерзімнен кейін талап мәжбүрлеп орындатуға жатады, – деді іс бойынша төрағалық етуші судья.

Бұған дейін Перизат Қайрат пен анасынан тәркіленген дүние-мүліктер белгілі болған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу