Сотта Руслан Берденовке жасалған қастандықтың бейнежазбасы көрсетілді

180

Сол күнгі оқиға әкімдік ғимаратының бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотта Руслан Берденовке жасалған қастандықтың бейнежазбасы көрсетілді Фото: Бейнежазбадан

Бейнежазбада Руслан Берденов жұмыстан шығып, баспалдақпен түсіп, көлігіне беттеген сәтте, ақ жейде киген, қолында мылтық ұстаған Ернар Жиенбай жүгіріп келіп, оқ атады.

Руслан Берденов қашып жасырынуға тырысқанымен, қарулы адам артынан қуады.

Артынша оқ атылған жерге Руслан Берденовтің жүргізушісі көлікпен келіп тоқтап, Ернар Жиенбаймен алыса кетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу