Сотта жалған айғақ берген азамат 5 жылға сотталды

97

Абай облысы Жарма аудандық сотында жалған сөйлеу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сотта жалған айғақ берген азамат 5 жылға сотталды Фото: Time.kz

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Т. есімді азамат браконьерлікке қатысты басқа бір қылмыстық іс бойынша куә ретінде шақырылған. Сот кезінде ол қасақана жалған мәлімет берген.

"Оның бұл әрекеті сотты жаңылыстырды. Сол арқылы ер адам танысына қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға көмектеспек болған", – делінген ақпаратта.

Сот Т.-ны Қылмыстық Кодекстің 420-бабы бойынша (көрінеу жалған айғақ беру) кінәлі деп таныды. Сот шешімімен айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу