"Сотта жауап беремін": Түркістан облысында әйел мас күйде көлік тізгіндеген

2466

Ол 7 жыл көлік басқару құқығынан айырылды.

"Сотта жауап беремін": Түркістан облысында әйел мас күйде көлік тізгіндеген Фото: видеодан алынған кадр

27 жастағы жүргізуші Шардара-Арыс тас жолының бойында қарсы бағытқа шығып, жол белгілері талаптарын сақтамаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Audi A4" маркалы автокөлігін Шардара аудандық учаскелік полиция инспекторлары түнгі рейдтік шара барысында тоқтатқан. Тәртіп сақшылары жүргізуші әйелдің құжаттарын тексеру кезінде оның мас хәлде екенін анықтаған. Өз сөзінде көлік тізгіндеген әйел ішімдік ішкенін растап, "тойып ішіп алғанмын, сотта жауап беремін" деп айтқан.

Мас күйде рөлге отырған жүргізушіге қатысты іс сотқа жолданып, әйел 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу