Сотта жеңілген фермерлердің ісі Жоғары сотқа жолданады

725

Палата мамандарының араласуымен,  үш іс кәсіпкерлердің пайдасына шешілген. 

Сотта жеңілген фермерлердің ісі Жоғары сотқа жолданады

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қиындыққа тап болып басы дауға қалған шаруашылықтардың құқығын қорғауды жалғастырады, деп хабарлайды Аtameken Business. Жаңадан сайланған өңірлік кеңес мүшелері енді істі Жоғары сотқа дейін жеткізетін болады.

Мәселен, Павлодар облыстық ауылшаруашылық басқармасы жыл басынан бері экононмикалық тергеу департаментіне фермерлерге қатысты 43 арыз түсіріп қылмыстық іс қозғалған. Оның басым көпшілігі субсидияны қайтарып алуға бағытталған. Палата мамандарының араласуымен,  үш іс кәсіпкерлердің пайдасына шешілген. Әйтсе де, көп жағдайда сотқа түскен істі судиялар талап арыз түсіруші тараптың пайдасына шешіп береді. Енді, өңірлік кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес істі соңына дейін сүйреп, жоғары сотқа дейін жеткізуді көздеп отыр. Осы ретте бірқатар іс "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының орталық апаратына жолданды.  

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу