Сотталған 156 науқасқа хирургиялық ота жасалды

726

Қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі азаматтарды медициналық қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлініп жатыр. Бұл туралы қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқарма басшысы Бибігүл Мұңайтпасова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Сотталған 156 науқасқа хирургиялық ота жасалды

Оның сөзінше, қылмыстық атқару жүйесінде 65 медициналық бөлім, 15 медпункт, 2 соматикалық, 3 туберкулезге қарсы және 1 психиатриялық аурухана бар.

"Сотталғандар жыл сайын профилактикалық тексеруден өтеді. Биыл 5 мыңға жуық науқас консультациялық-диагностикалық көмек алды, 156 жазасын өтеушіге хирургиялық ота жасалды. Пенитенциарлық медицина туберкулез дертін емдеуде жақсы нәтиже көрсетті. Оның тиімділігі азаматтық денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштен жоғары болды. Соңғы 3 жылда туберкулезбен ауыратындар саны 51% -ға төмендеді", – деді Бибігүл Мұңайтпасова. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу