Сотталған альпинистке Жаңа жыл қарсаңында тапсырыс көбейген

384

Сотталған азамат психологиялық тұрғыда оң сипатқа ие.

Сотталған альпинистке Жаңа жыл қарсаңында тапсырыс көбейген Фото: Polisia.kz

22 жастағы жігіт пробация қызметінде есепте тұр, деп хабарлайды  Inbusiness.kz сайты.

Polisia.kz ақпараттық-медиа порталының мәліметінше, есептегі сотталған "альпинист" кішкентай бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Ведомство инспекторларының айтуынша, жігіттің мінез-құлқы, өмірге деген көзқарасы жақсы.

– Бұл азамат альпинистік дағдыларды жетік меңгерген. Ол мұны кәсіби түрде жасайды. Жазда терезелерді жуады, ал Жаңа жыл қарсаңында Аяз Ата болып жұмыс істейді. Біз оның бастамасын қолдадық. Қазір "Аяз атамызда" тапсырыс көп, сондықтан біз бірден объектілерді тексердік, – деді Павлодар қалалық пробация қызметінің бастығы Серік Бөлекпаев.

Айтуынша, сотталған азамат психологиялық тұрғыда оң сипатқа ие, ата-анасымен бірге тұрады. Оның өзі бұл жұмыстың өзіне ұнайтынын, бұл оған өзін қаржылық жағынан қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтады. Альпинизмнен басқа оның негізгі жұмыс орны бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу