Сотталған қылмыскер тағы 84 адамның өліміне кінәлі болуы мүмкін

1482

Сотталған қылмыскер тағы 84 адамның өліміне кінәлі болуы мүмкін

Германияда науқастардың өліміне кінәлі деп танылған 40 жастағы Нильс Хогель атты медқызметкер өмірлік жазаға кесілді, деп хабарлайды abctv.kz.

2015 жылдың ақпан айында сотталған жігіт тағы да 84 адамның өліміне кінәлі болуы мүмкін.

90 науқасқа артық дозада дәрі еккенін мойындаған қылмыскер, олардың тез жазылып кетуі үшін осылай жасадым деп ақталған. Егер олар тез жазылып кетсе, әріптестер алдында абыройым өсіп қалатын еді деген ол тергеуде.

Осы мойындаудан кейін арнайы комиссия құрылып, мәйіттерге эксгумация жасау арқылы, тексеріліп жатыр. Алайда, кейбір құрбандар кремацияланған, яғни өртелген. Сондықтан, қылмыскердің құрбаны болғандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Тексеру жұмыстары аяқталып, барлық дәйектер толық болса, тұтқын "Германия тарихындағы ең қанішер сериялық қылмыскер" саналмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу