Сотталған Mudarabah Capital басшысының анасы қарттар үйіне түсті

1893

Бұл туралы Алматыда өткен апелляциялық алқа отырысында Буркановтың қорғаушысы Анар Катебаева мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сотталған Mudarabah Capital басшысының анасы қарттар үйіне түсті Фото: @ruslan_burkanov

"Руслан Бүрканов — анасының жалғыз ұлы. Қазіргі уақытта оның анасы мемлекет қамқорлығында, ол қарттар үйінде тұрады. Жәбірленушілерге келтірілген зиянды өтеу үшін менің қорғаушым пәтерді сатуға мәжбүр болды", – деді адвокат.

Айта кетейік, Руслан Бурканов Mudarabah Capital компаниясының бас директоры болды. Ол 2021 жылдың қазан айында қаржы пирамидалары ісі бойынша қамауға алынды. Барлығы 12 адам сотталушылар қатарында  отырды. Іс қатысушылары 262-бап бойынша "ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару, сондай-ақ оларға қатысу" деп айыпталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу