Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құру ісі бойынша сотталған белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Алматыдағы колонияға ауыстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Алматы қаласы мекемесінде ұсталатын адамдар лимитінің ұлғаюына байланысты бірқатар сотталған адам, оның ішінде сіз көрсеткендер тұрғылықты жері бойынша этаппен жөнелтілді. Қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды, - деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі.
Бұған дейін олар Павлодар облысының №44 мекемесінде болған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу