Бірнеше жыл бұрын алаяқтық бабымен сотталған вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жұмысқа орналасты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Олар қазір қауіпсіздік дәрежесі төмен абақтыда жазасын өтеп жатыр. Сондықтан жұмыс істеген уақытта абақтыдан шыға алады.
"Аталған сотталушылар мекеме әкімшілігі мен жұмыс беруші арасындағы келісімшарт негізінде Алматы маңындағы ұйымдарға жұмысқа тұрды. Қауіпсіздігі төмен абақтыларда сотталғандар жұмыс уақытында абақтыдан шығып, күн тәртібіне орай қайтып келеді", – деді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу