Сотталғандар электронды түрде өтініш бере алады - Бас прокуратура

432

Бас прокуратураның бастамасымен пенитенциарлық жүйенің барлық мекемелерінде электрондық өтініштер терминалдары орнатылуда, деп хабарлайды  inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.  

Сотталғандар электронды түрде өтініш бере алады - Бас прокуратура Фото: bugin.kz

Осы жаңашылдықты іске асыру шеңберінде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті сотталғандарға мекеме әкімшілігінің бақылауынсыз өз құқықтарын қорғау үшін уәкілетті органдарға жүгінуге мүмкіндік беретін функционал әзірледі. Қазіргі уақытта бейне хабарлама функциясы енгізілудей, делінген хабарламада.

Жалпы, электрондық форматта сотталғандар 8 мыңнан астам өтініш берген.

"Терминалдарды орнату жазасын өтеушілерге мекеме әкімшілігінсіз шағымдар мен өтініштер жіберуге, оның қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағымдануға мүмкіндік береді.

Мысалы сотталған "Н" осы терминал арқылы Бас прокуратураға мекеме қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері, негізсіз тәртіптік жаза қолдану және ҚК 428-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тарту туралы тікелей хабарлай алды", делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта терминалдар санын және оларды қолдану аясын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұл процесті цифрландыру жабық мекемелердегі азаматтардың құқықтарын заңсыз әрекеттерден қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу