Сотталғандар да жақындарын 8-наурызбен құттықтады

644

Әйелдер мерекесі Өскемендегі түрмелерде де ескерусіз қалмады. 

Сотталғандар да жақындарын 8-наурызбен құттықтады Фото: Turkystan.kz

Бұл күні жазасын өтеп жатқан жандарға мол мүмкіндік берілді. Әсіресе әйелдер қауымына күтпеген сый жасалды. Араларын темір тор бөліп, талай жыл кездеспеген әпкелі-сіңілілер алғаш рет бүгін қауышты. Тар қапастағы ер азаматтар да аналарын бейнебайланыс арқылы құттықтап, жасаған бұйымдарын тарту етті. 

Мына әпкелі-сіңілілер ерте ата-анасыз қалып, балалар үйінде бірге болған. Осыдан 15 жыл бұрын бір-бірінен ажыраған екен. Содан бері кездеспеген. Тағдырлары да әр қилы. Бірі осы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Оның тәртібіне қарап, мекеме қызметкерлері мереке қарсаңында әпкесімен жолықтырды. Ал Ерлан Мүскенов 18 жылға сотталған. Аса ауыр қылмыс жасағандықтан жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтеп жатыр. Осында отырғанына 6 жылға жуықтаған. Абайсызда от бастым деген азамат анасын ойлайды. Сондықтан бұл жерден тәртібім ескеріліп, ертерек шықсам екен  дейді.  

"Анам аздап ақсап жүр. Қартайды. Оның үстіне наурыздың 10-ы туған күні. 72 жасқа толады. Осы мерекені пайдаланып, сый жасағым келді. Осы жолы сүйеніп жүрсін деп, таяқ тарту еттім", дейді Жазасын өтеуші Ерлан Мүскенов.

Ерланның сыйын түзеу мекемесінің қызметкерлері анасына апарып берді. Сәлемін жеткізіп, ана мен баласын бейне байланыс арқылы сөйлестірді. 

Бұл күні мұндағы жазасын өтеп жатқан әйелдер де өз қолдарынан келгенін жасап, жақындарына сыйлады. Енді бірі түрлі себептерге байланысты тағдыр тауқыметін тартып жүрген жандарды қуантқысы келген. Өйткені ондай жандар өзі қалаған сыйлықты өкінішке қарай ала бермейді  дейді, жазасын өтеушілер.

"Он төртінші мектепке жібергелі жатырмыз. Көпбалалы үйлерге, қыздарға мерекеге орай кішкене сый болсын деп мекеменің атынан жібергелі жатырмыз", дейді Жазасын өтеуші Дана Тахирова.

"Сотталғандардың түзелу жолына түсуі осы бағытта әртүрлі шаралар өткізілді. Соның бірі сотталғандармен әлеуметтік байланысын нығайту", дейді Жасақ бастығы Эльдар Бақытжанов. 

Аналар мерекесіне орай сотталғандар ғана сырттағы аналарын құттықтап, тарту жасаған жоқ. Сонымен бірге қамаудағы қыз-келіншектерді де құттықтаған жандар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу