Сотталғандар қарттар үйінің қарын күреді

1118

Атырауда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар қарттар үйінің ауласындағы қарды күреп берді.  

Сотталғандар қарттар үйінің қарын күреді

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің баспасөз-қызметі хабарлағандай, сотталған азаматтар қар күреуге өздері ерік білдірген. Сондай-ақ сотталған азаматтарға жергілікті колледж студенттері де көмектескен.

"Қоғамдық жұмыспен айналысу – азаматтық борышым. Қыстыгүні қарттардың қарын күреп, баталарын алғанымызға қуаныштымыз", – дейді ұрлық жасағаны үшін шартты түрде сотталған Азамат.

Қоғамдық жұмыстың басты мақсаты – ұсақ қылмыс жасап, құқықбұзушылыққа жол берген сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеу. Айта кетейік, облыстағы пробация тізімінде 800-ден астам сотталған тіркеуде тұр бар.

Олардың ішінде әйелдер мен кәмелет жасына толмаған балалар да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу