Сотталғандар онлайн арыз жазып, азық-түлікке тапсырыс бере алады

981

Жазасын өтеушілерге туыстарымен бейнекездесулер ұйымдастырылады. 

Сотталғандар онлайн арыз жазып, азық-түлікке тапсырыс  бере алады

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов онлайн брифинг барысында саланы цифрландыру тақырыбына тоқталды. Оның сөзінше енді түзету мекемелерінде электронды арыз терминалдары орнатылып, онлайн тапсырыс беруге арналған дүкендер ашылады. 

"Президенттің тапсырмасы бойынша түзету мекемелерінде бейне мониторинг жүйесі орнатылады. Ол жағдайды уақытылы бақылауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде жазасын өтеушілер мен мекеме қызметкерлері тарапынан жасалатын қылмыстардың алдын алуға болады. Бұған қоса бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың электронды түрде шағым жолдау құқығы енгізілді. Енді әрбір түзету мекемесінде тікелей прокуратураға, кейін сот пен жемқорлыққа қарсы қызметке арыз, шағым жіберуге мүмкіндік беретін электронды терминалдар орнатылады", – деген комитет төрағасы түзету мекемелерінде азық-түлік, киім, кітап пен өзге де рұқсат етілген заттарға тапсырыс беру үшін "электронды дүкен" технологиясы енгізілгенін жеткізді. 

"Тағы бір жаңалық – сотталушылардың туыстарымен  бейнекездесулер ұйымдастыру құқығына ие болуы. Мекемелердегі бейнекездесулер карантин кезінде өз тиімділігін көрсетті. Шектеулер кезінде 33 мың онлайн кездесу ұйымдастырылды. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен бейнебайланыс арқылы кездесулердің саны артты. Бұған қоса сотталғандарға жолданатын сәлем-сауқаттардың көлемі 14-тен 20 келіге дейін ұлғайды", – деді Жанат Ешмағамбетов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу