"Сотталғандарды Қазақстанға қайтаруға көмектесем": Алматы облысында алаяқтық жасаған әйел ұсталды

357

Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.  

"Сотталғандарды Қазақстанға қайтаруға көмектесем": Алматы облысында алаяқтық жасаған әйел ұсталды Фото: aikyn.kz

Тергеу мәліметінше, күдікті шетелде сотталған Қазақстан азаматтарын босатуға көмек көрсету мақсатында халықтан жиналған қаражатты иемденген, деп жазады inbusiness.kz сайты Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу