Сотталғандарды жазадан босатуға негіз болатын аурулар тізімі жаңарды

193

Құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. 

Сотталғандарды жазадан босатуға негіз болатын аурулар тізімі жаңарды Фото: check-point.kz

Денсаулық сақтау министрлігі сотталғандарды жазадан босатуға негіз болатын аурулар тізімін кеңейтуді ұсынып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сотталғандар арасында өлім-жітімді азайту және ауыр науқастардың денсаулығын сақтау мақсатында жазадан босатуға негіз болатын аурулардың тізімін өзектендіру мақсатында тиісті жоба әзірленді", – делінген құжатта.

Жазадан босатуға негіз болатын аурулардың тізімі келесі дерт түрлерімен толықтырылып отыр: 

  1. бауыр циррозы; 
  2. созылмалы бүйрек ауруы; 
  3. ауыр дәрежедегі созылмалы өкпе ауруы, сондай-ақ гормонға тәуелді аурулар.

Құжат жобасы 2025 жылғы 5 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу