Аштық жариялау мен денеге жарақат салуды дәрігерлер тіркейді – ІІМ

1050

Сотталғандарды медициналық қамтамасыз етудің барлық функциясы 2023 жылға қарай денсаулық сақтау министрлігіне беріледі. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аштық жариялау мен денеге жарақат салуды дәрігерлер тіркейді – ІІМ

Атқарылатын шара сотталған адамдарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруды және халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді көздейді. 
Ресми өкілдің айтуынша, бұл бастама сотталғандарды емдеу барысында қазіргі заманғы әдістерді пайдалануға мүмкіндік береді. 

"Медицина қызметкерлері сотталғандардың аштық жариялауын тіркеу немесе денесіне жарақат салуына қатысты шешім қабылдағанда олардың жұмысына мекеме әкімшілігінің араласу мүмкіндігі жойылады", – деді Нұрділдә Ораз. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу