Сотталғандардың сәлемдемесінің салмағы артты

824

Ішкі істер министрлігі өткізген онлайн брифингте сотталғандарға қандай мүмкіндік берілгені баяндалды. 

Сотталғандардың сәлемдемесінің салмағы артты

Бұл туралы ішкі істер министрлі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.

"Сотталғандар азық-түлік, киім-кешек, кітап сатып ала алады. Оларға туыстарымен бейнесөйлесу мүмкіндігі берілді. Сәлемдемелердің салмағы, сондай-ақ тамақтану нормасы артты", – деді министр. 

Өз кезегінде ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз өткен аптада министр Ерлан Тұрғымбаев сенаторлармен елдің пенитенциарлық жүйесін дамыту мәселесін талқылағанын еске салып, министрлік қамауда ұстау орындарының инфрақұрылымын жаңғырту, сотталғандарды жұмысқа орналастыру, оларға медициналық қызмет көрсету, сондай-ақ мекемелерді бейнебақылаумен жарақтандыру бастамасын көтеріп отырғанын айтты. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу