Сотталғандарға рақымшылық жасалады

1528

"Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасы мәжілістің қарауына келіп түсті. 

Сотталғандарға рақымшылық жасалады

Құжат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 29 қазандағы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов: "Заң жобасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен гуманизм қағидаттарының негізінде қылмыстық-атқару жүйесі мен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жазадан және қылмыстық жауапкершіліктен босатуға, жазаның өтелмеген бөлігін қысқартуға бағытталған", – деді. 

Мәжілісменнің мәлімдеуінше, рақымшылық қоғам мен мемлекетке қауіп   төндірмейтін қылмыс жасаған азаматтарға қолданылады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу