Сотталғандарға телефонмен сөйлесуге тыйым салу нормалары тексеріледі

209

Конституциялық Сотта сотталғандардың телефон арқылы сөйлесуге тыйым салу мәселесі қаралды.

Сотталғандарға телефонмен сөйлесуге тыйым салу нормалары тексеріледі Фото: consot_kz/976

Конституциялық Сотқа азаматтың Қылмыстық-атқару кодексінің 109-бабы екінші бөлігінің, 134-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының және Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртiптеме қағидаларының 104-тармағының (ІІМ-нің 17.11.2014 жылғы №819 бұйрығы) Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініші келіп түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көрсетілген нормалар жазасын өтеудің қатаң шарттарындағы, сондай-ақ тәртіптік изоляторлардағы сотталғандар үшін телефон арқылы сөйлесуге тыйым салуды белгілейді. Тәртіптік изоляторлар мен жалғыз адамдық камераларға қамалған сотталғандар үшін азық-түлік пен қажетті заттарды сатып алуға, темекі шегуге және күндізгі уақытта ұйықтайтын орынды пайдалануға тыйым салынды.

Өтініш берушінің пікірінше, бұл нормалар оның қорғануға, адвокаттан білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығын шектейді, сондай-ақ БҰҰ-ның тұтқындармен қарым-қатынас жасаудың минималды стандартты ережелеріне (Нельсон Мандела ережелері) сәйкес келмейді.

Өтінішті қарау жөніндегі отырысқа өтініш иесі, Парламент Палаталарының, Бас прокуратураның, Адам құқықтары жөнiндегі ұлттық орталықтың, ішкі істер, әділет министрліктерінің, Республикалық адвокаттар алқасының, парламентаризм, заңнама және құқықтық ақпарат институттарының өкілдері қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу