Қазір шет елден келетін этникалық қазақтардан сотталмағаны туралы анықтаманы талап етпеу мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл елбасының тікелей тапсырмасы. Мемлекет басшысы Дүниежүзі қазақтарының 5-құрылтайында айтқан құзіретті органдарға осындай міндет жүктеген еді. Әсіресе бұл Қытай Халық Республикасынан атамекеніне оралып жатқан қандастарымызға қатысты айтылған болатын. Себебі Қытай елінің заңында сотталмаған деген анықтама берілмейді. Ал сотталған азаматқа шекарадан шығуға тыйым салынған.
Айта кетейік, осы жылдың алғашқы 6 айында елімізге сырттан 16 жастан асқан 55 мыңға жуық этникалық қазақ келіп, тіркеуге тұрған. Оның 27 мыңға жуығы Қытай қазақтары.
"Қытай Халық Республикасынан келген этникалық қазақтардан, сол елдің азаматы болып табылатын қазақтардан осы соттылығының бар-жоғы туралы анықтаманы талап етпеу жөнінде іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бұл жөнінде қандай құқықтық, қандай нормативтік құқықтық заңнамаларға, актілерге өзгерістер енгізуге болатындығы туралы сараптамалар жүргіліуде. Бүгінгі күні мемлекеттік органдарға келісуге жобалар жіберілді", - деді ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитетінің аға инспекторы Гүлмира Әлиайдарқызы