Сотталушы тік ішекке ұялы телефон жасырған

1798

Жазасын өтеушінің ағзасынан ұялы телефон табылды.  

Сотталушы тік ішекке ұялы телефон жасырған

Қарағандыда ұялы телефонды колонияға алып өтпекші болған сотталушының қулығы түрмедегілерді біраз әуреге түсірді. Олар бұрын соңды адам ағзасынан телефонды алып көрмеген еді. Тергеу изоляторында болған айыпталушы АК-159/6 колониясына өтер кезде жіті тексеруден өткен. Ол тік ішегіне ұялы телефонды жасырып алған екен. Оның ағзасындағы телефонды мамандар рентген аппараты арқылы тапқан.

"Рентгенмен тексерген кезде 28 жастағы ер адамның тік ішегінен бөтен зат анықталды, ол сим картасы бар ұялы телефон болып шықты", - деп мәлімдеді Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Түрмедегі мамандар ер адам өз еркімен ұялы телефонды табыс етті деп отыр. Бейнежазбада түрме қызметкері ұялы телефонды көрген соң "зарядка не ...қайда ?" деп сұрайды. Сотталушы "Енді зарядканы салып алмайтын  шығармын" деп жауап берді.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу