Соттан тыс банкроттыққа 34 мыңнан астам адам өтініш жолдаған

2023 жылғы наурыз айында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімін қолдануға азаматтардың жіберген өтінімін қарастыру нәтижелері туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов баяндады.    

Соттан тыс банкроттыққа 34 мыңнан астам адам өтініш жолдаған Фото: ortcom.kz

"3 наурыздан азаматтардың банкроттыққа арыздарын қабылдау басталды, бүгінгі күнгі жағдай бойынша (2023 жылдың 31 наурызы) 34 мыңнан аса өтініш келіп түсті. Негізінен арыздар eGov.kz электрондық Үкімет порталы арқылы (94%), e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы (6%) түсуде", – деді спикер.

"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы" Заңның талаптарына сәйкес 15 жұмыс күн ішінде мемлекеттік кірістер органдары азаматтың келесі талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді:

  1. банктер, микроқаржылық ұйымдар (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыз 5,5 млн.теңгеден аспауы (1600 АЕК);
  2. қарыздың өтелмеуі 12 айдан асуы;
  3. ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы (автокөлік, пәтер, үй, жер телімі, банктегі депозит және т.б.);
  4. банкпен, микроқаржы ұйымдарымен борыштар бойынша реттеу рәсімінің жүргізілуі.

Атаулы әлеуметтік көмекті 6 ай қатарынан алушылар үшін және берешегі 5 жылдан артық өтелмеген азаматтар үшін бөлек тексеріс жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу