Соттың "Астана банкіне" қатысты шешімі өзгеріссіз қалды

771

ҚР Ұлттық банкі 19 қыркүйекте "Астана банкін" банктік және өзге де операцияларды жүргізу лицензиясынан айырып, оның әрекетін тоқтату туралы сотқа арыз берген еді.

Соттың "Астана банкіне" қатысты шешімі өзгеріссіз қалды

Алматыда "Астана банкі" АҚ тарату туралы сот шешімі күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының үкімі өзгеріссіз қалсын. Апелляциялық шағымды қанағаттандырылмасын. Апелляциялық инстанцияның қаулысы кассациялық тәртіпте қаралуы мүмкін",  деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.

ҚР Ұлттық банкі 19 қыркүйекте "Астана банкін" банктік және өзге де операцияларды жүргізу лицензиясынан айырып, оның әрекетін тоқтату туралы сотқа арыз берген еді.

Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Астана банкі" АҚ-ны тарату туралы шешім шығарды. Сот шешіміне 6 заңды тұлға, үш жеке тұлға апелляциялық шағым түсірді. Дегенмен, сот шешімі өзгеріссіз қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу