Соттың шешіміне негізсіз кінә таққандар жауапқа тартылады

1151

Соттың шешіміне негізсіз кінә таққандар жауапқа тартылады

Судьяларды орынсыз жазғырғандар жауапқа тартылады. Бұл туралы облыстық сотта биылғы үш айдың қорытындысына арналған брифингте айтылды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Облыстық соттағы судьялар әдебі жөніндегі комиссия төрағасы Мирхат Құрманов үш айда судьялар әрекетіне қатысты сегіз шағым қаралып, біреуі ғана – Шемонаиха ауданы бойынша дәлелденгенін айтады. Ол іс судьялар алқасына жолданған.

Осыған байланысты сөз алған облыс соттары судьяларының әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарау тобының жетекшісі Бақытжан Шарнаева түскен 12 шағымның бірі ғана дәлелін тапқанын, шағымданушылар көп ретте сот шешіміне шағымданудың тәртібін білмей тұрып, бірден судьялар әрекетін кінәлай жөнелетінін айтып, аталған жағдайлар судьялар беделіне әділетсіз түрде нұқсан келтіретіндігін атады.

"Адамдар судьялардың шығарған үкіміне қарсылық білдіріп, әлеуметтік желілер арқылы неше түрлі сөздерді жазып жатады. Көбінесе, жеңілген тарап жазады. Бұл дұрыс емес. Алдағы уақытта соттың шешіміне негізсіз кінә таққандар анықталып, олар заң аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады. Судьялардың ар-намысы лайықты қорғалады", — деді Бақытжан Шарнаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу